Қатонқарағайда тағы бір қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

/
Қатонқарағайда тағы бір қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа тағы бір қар барысы түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бұл – бұған дейін үш күшігімен бірге бейнежазбаға түскен ұрғашы барыс емес. Жаңа тіркеу парк аумағында осы сирек кездесетін жыртқыштың басқа да дарақтары мекендейтінін көрсетеді», – деп мәлімдеді ұлттық парк өкілдері.

Қатты боран мен көріну қашықтығының төмендігіне қарамастан, қар барысы фототұзақтың объективіне ілінді.

«Жарияланымда фототұзақ түсірген түпнұсқа суреттермен қатар, жасанды интеллект көмегімен айқындығы жақсартылған нұсқалары да ұсынылған. Суреттердің өңделуі тек олардың көрнекілік сапасын арттыру мақсатында ғана жүргізілді», – деп нақтылады ұлттық парк өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары