Астанада ауруханадан мүгедектер арбасын ұрлаған күдіктілер ұсталды

/
Астанада ауруханадан мүгедектер арбасын ұрлаған күдіктілер ұсталды
Polisia.kz

Астана қаласында медициналық мекемеден мүгедектер арбасын ұрлау дерегі бойынша екі күдікті ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ер адам аяғынан жарақат алған досын медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға алып келген. Дәрігерлік тексеруден өткеннен кейін олар медициналық мекеменің мүгедектерге арналған арбасын уақытша пайдаланып, кейін оны тиісті орнына қайтармай, өздерімен бірге алып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған факт бойынша полицияға хабарлама түскеннен кейін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, бейнебақылау камералары арқылы күдіктілердің жеке басы анықталды. Жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция азаматтарға бөтеннің мүлкіне ұқыпты қарау қажеттігін ескертеді. Медициналық мекемелердегі арнайы жабдықтар мен техникалық құралдар науқастардың игілігі үшін пайдалануға арналған және оларды заңсыз иемдену қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Қоғамдық орындарда заң талаптарын сақтап, құқық бұзушылықтарға бейжай қарамау – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар