2021 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық әйел Түркияда ұсталды

/
2021 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық әйел Түркияда ұсталды
Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі түркиялық әріптестерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында 2021 жылдан бері іздеуде жүрген 46 жастағы Қазақстан азаматын Анталия қаласында ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2018-2020 жылдар аралығында сыбайластарымен бірге әрекет етіп, сенімге кіру арқылы еліміздің 1300-ден астам азаматының 6 миллиард теңгеден астам қаражатын иемденген.

26 маусым күні іздеуде жүрген әйел Түркия Республикасынан Қазақстанға депортацияланды. Оны елге жеткізуге Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстанның Бас консулдығы елеулі қолдау көрсетті.

Жыл басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері алаяқтық қылмыстарын жасаған 117 қылмыскерді ұстады. Олардың келтірген жалпы материалдық шығыны 17 миллиард теңгеден асады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары