Алты күн үйінді астында жатқан: Венесуэлада 3 жастағы бала тірі табылды

/
Алты күн үйінді астында жатқан: Венесуэлада 3 жастағы бала тірі табылды
Видеодан скриншот

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен алты күн өткен соң үйінді астынан 3 жастағы бала табылды. Бұл туралы Иорданияның құтқару тобы мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқару операциясы түсірілген видеода құтқарушылардың баланы үйінді астынан шығарып алған сәттегі қуанышы көрсетілген. Елдің уақытша президенті бүлдіршіннің есімі Клибер Моран екенін хабарлаған.

Оқиға Венесуэланың Ла-Гуайра штатында болған. Елдің вице-президенті Делси Родригес баланың аман қалуын халыққа үміт сыйлаған оқиға деп атады.

Осы уақытта БҰҰ Венесуэлада ондаған мың адамның азық-түлік пен баспанаға шұғыл мұқтаж екенін ескертіп отыр.

Соңғы мәлімет бойынша, өткен аптада болған магнитудасы 7,2 және 7,5 балдық жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 1943 адамға жеткен. Тағы 10 мыңнан астам адам жарақат алып, ондаған мың тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.

NASA спутниктік деректерінің алдын ала бағалауына сәйкес, жер сілкінісі салдарынан шамамен 58 870 ғимарат зақымданған немесе қираған.

Иорданияның азаматтық қорғаныс қызметі құтқарылған балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Қазіргі таңда ол Каракас қаласында ем қабылдап жатыр, дәрігерлер оның өмірлік көрсеткіштері қалыпты екенін айтқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары