Әмірбек Оспанбеков лауазымынан босатылды

/
Әмірбек Оспанбеков лауазымынан босатылды
Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әмірбек Қанатбекұлы Оспанбеков қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әмірбек Қанатбекұлы Оспанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Әмірбек Қанатбекұлы 1982 жылғы 29 қарашада дүниеге келген.

2004 жылы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын заңгер мамандығы бойынша, 2012 жылы «Тұран-Астана» университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2000–2007 жылдары – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет атқарған.

2007–2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі.

2010–2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімі бас консультанты.

2013–2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі орынбасары.

2019–2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Кадр жұмысы және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі.

2021–2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары.

2022 жылғы 12 ақпаннан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары