Қостанайда құрылыс қоқысын полигонға шығарған тұрғын айыппұл арқалады

/
Қостанайда құрылыс қоқысын полигонға шығарған тұрғын айыппұл арқалады
istockphoto

Қостанай облысында ер адам құрылыс қоқысын полигонға заңсыз тастағаны үшін 34 есе көп айыппұл төледі, деп хабарлады бас прокуратура.

Қостанай қаласының тұрғыны құрылыс қоқысын қала маңына тасымалдау үшін жүк көлігін пайдаланып, оны рұқсат етілмеген жерге заңсыз тастаған.

Қалалық полиция басқармасы заң бұзушыны ескерту шығару арқылы жауапкершілікке тартты. Дегенмен заңда қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзғаны үшін өте қатал жауаптылық – 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу көзделген.

"Мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының наразылығы бойынша сот 2026 жылдың 28 мамырындағы заңсыз қаулының күшін жойды. Бұзушы 865 мың теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот актісі заңды күшіне енген", - деп жазылған хабарламада.

Табиғатты қорғау прокуратурасы осындай барлығы он фактіні анықтады. Осыған байланысты заң нормаларын дұрыс қолдану жөніндегі іс-қимыл алгоритмі әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмысы оңтайландырылды, дейді прокуратурада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары