Еуропада қатты ыстықтың салдарынан бір апта ішінде 1300-ден астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
24kz дерегінше, аптап ыстықтан көз жұмғандардың басым бөлігі Франция азаматтары. Қайғылы жағдай көбіне 65 жастан асқан егде жастағы адамдар арасында тіркелген.
Сарапшылар Еуропадағы температураның әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жылдам өсіп жатқанын айтады. Соның салдарынан аптап ыстық халық денсаулығына ғана емес, инфрақұрылымға да ауыр салмақ түсіріп отыр.
Көптеген елдің энергия жүйесі мұндай жүктемеге дайын болмай шыққан. Электр желілеріне түсетін қысым артып, кей аймақтарда инфрақұрылымның әлсіз тұстары байқалған.
Айта кетейік, Еуропадағы ерекше ыстық маусым айының ортасында басталды. Франция, Ұлыбритания, Нидерланд және Италияда ауа райына байланысты қауіптің ең жоғары – "қызыл" деңгейі жарияланған.