Мемлекеттік награданы спортшыға блиц шахматтан әлем чемпионатындағы жеңісі мен жоғары спорттық жетістіктері үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде алған орденін көрсетіп, бұған дейін III дәрежелі «Барыс» орденінің иегері болғанын, енді II дәрежелі орденмен марапатталғанын айтты. Алдағы уақытта I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері атану мүмкіндігі бар екенін де атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін шахматшы Президентке бейнеүндеу жолдап, жалақысының қысқарғанын айтқан болатын. Кейін Туризм және спорт министрлігі төлемдердің үш есеге қысқарғанын растап, оның себебін түсіндірді.