28 маусым күні таңертең Новонежинка ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицияның алдын ала мәліметінше, жол апаты шамамен сағат 10:30-да болған.
«62 жастағы Kia автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде оның қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Kia жүргізушісі дене жарақатын алып, Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол жағдайын ескеруге, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын орындауға, сондай-ақ көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырады.