Астанада тағы бір көше уақытша жабылады

/
Астанада тағы бір көше уақытша жабылады
istockphoto

Жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

29 маусым - 5 шілде аралығында А.Кравцов көшесі бойынша Таха Хусейн көшесінен Ж.Ташенов көшесіне дейінгі учаскеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, - делінген әкімдік хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар