Кеше, 27 маусымда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысы бір өрт, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында екі өрт тіркелді.
"Барлық өрт ошақтары орман күзеті қызметкерлерінің және жұмылдырылған қызметтердің өзара іс-қимылының арқасында дер кезінде анықталып, жедел түрде сөндірілді", - делінген хабарламада.
Өрттің шығуына негізінен найзағай разрядтары себеп болған.
"Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға және еліміздің орман байлығына ұқыпты қарауға шақырамыз. Орманды бірге сақтайық", - дейді министрлік өкілдері.