Актер Олжас Абай әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықовамен арадағы қарым-қатынасына қатысты айтылған пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Актердің сөзінше, кейбір желі қолданушылары олардың қарым-қатынасын материалдық жағдаймен байланыстырады. Ол бұл пікірмен келіспейтінін айтты.
«Кей адамдар біздің қарым-қатынасымызды ақшаға тіреп жатады. Бірақ мен кино саласында жүргеніме 16 жыл болды. Иә, рас, танымалдығымның артып, өмірімнің жаңа кезеңге өтуіне Дариғаның ықпалы болды. Қазір біз бірге төртінші жобамызды түсіріп жатырмыз. Еңбекпен тапқан табысым өзіме жеткілікті», – деді Олжас Абай.
Сондай-ақ актер мұндай пікірлерді қабылдау оңай емес екенін жеткізді.
«Ақша үшін бірге жүр деген сөзді есту мен үшін ыңғайсыз. Себебі байлық та, бақ та адамға өздігінен келмейді. Оның артында жылдар бойғы еңбек, тәуекел, тәртіп пен талант тұрады. Сондықтан адамның қалтасына емес, жүрегіне, мінезіне және еңбегіне қараған дұрыс», – деп жазды актер.