Маңғыстауда мас күйде көлік басқарған ер адам өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

/
Маңғыстауда мас күйде көлік басқарған ер адам өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды
istockphoto

Маңғыстауда алкогольдік масаң күйде көлік басқарған және көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.

Маңғыстау ауданында ер адам осы жылдың наурыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Сот шешімімен ол 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын.

"Белгіленген тыйымға қарамастан, ол көлік жүргізу құқығынан айырылса да, мамыр айының соңында көлікті қайтадан алкогольдік масаң күйінде басқарған", - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.

Маңғыстау аудандық сотының үкімімен ер адам Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сотталушы сот залында қамауға алынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары