UFC: Асу Алмабаев қарсыласын ерекше әдіспен жеңді

/
UFC: Асу Алмабаев қарсыласын ерекше әдіспен жеңді
UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC Fight Night 280 турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бакуде (Әзербайжан) өткен UFC кешінде жерлесіміз америкалық Чарльз Джонсонмен (19-9) күш сынасты. Үш раундқа жоспарланған аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек үшінші раундтың 3:33 минутында аяқталды.

Алмабаев сирек кездесетін Suloev Stretch әдісін сәтті орындап, қарсыласын берілуге мәжбүр етті. Бұл UFC тарихында небәрі төртінші рет тіркелген әдіс саналады. 

Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби ММА мансабындағы 24-жеңісіне қол жеткізді. Ал UFC-дегі көрсеткішін 7 жеңіс пен 1 жеңіліске дейін жақсартты. Ал Чарльз Джонсон кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңілісіне ұшырап, UFC-дегі рекорды 8-7 болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары