Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс уақытша шектелді

/
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс уақытша шектелді
istockphoto

Компанияның мәліметінше, қайта жаңарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 27 маусым сағат 17:00-ден бастап Ақтөбе облысындағы "Самара – Шымкент" автожолының 763-773 шақырым аралығында ("Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" учаскесі) қозғалыс уақытша шектелген.

"Шектеу Хромтау қаласы бағытына қарай жолдың оң жақ жүру бөлігінде қолданылады. Көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолмен ұйымдастырылып, әр бағытқа бір жолақтан қозғалыс қамтамасыз етілген", - делінген хабарламада.

"ҚазАвтожол" жүргізушілерді уақытша жол белгілері талаптарын қатаң сақтап, жылдамдықты төмендетіп, жолда барынша мұқият болуға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары