Алматыда жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді

/
Алматыда жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді
Видеодан скриншот

Алматы қаласы Медеу ауданы Шоқай көшесінде бір қабатты мансардалы тұрғын үйдің шатырында өрт орын алды.

Оқиға орнына алғашқы бөлімшелер келген кезде шатырдың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

Өрттің көршілес ғимараттарға таралу қаупі болды. Өртті сөндіру үшін құтқарушылар судың үздіксіз беруді жедел қамтамасыз етті.

ТЖМ қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт 90 шаршы метр алаңда толық сөндірді. Жалынның көршілес құрылыстарға таралуына жол берілген жоқ, – деп жазылған ТЖМ хабаралмасында.
Оқиға кезінде үйде ешкім болған жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары