Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің акваториясында 1999 жылы туған ер адамды іздестіру бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ер адам шомылуға арналмаған жерде суға түскен кезде батып кеткен. Кешке қарай Мұнайлы ауданында Каспий теңізінің жағалауында оқиға орнынан 9 шақырым қашықтықта ер адамның денесі табылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары, ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери-теңіз күштері, Полиция департаменті, "YKK Kazakhstan LLP" ЖШС мамандары, еріктілер, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, 21 маусымда теңіз жағалауындағы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде 27 жастағы жігіттің суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.