АҚШ-та қайтыс болған қазақ жігітінің денесі елге жеткізілді

/
АҚШ-та қайтыс болған қазақ жігітінің денесі елге жеткізілді
ашық дереккөзден

АҚШ-та қайтыс болған Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың мәйіті елге жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, марқұмның денесі 25 маусым күні Қазақстанға жеткізілген.

"25 маусымда Әсет Құралбайдың мәйіті Қазақстанға жеткізілді. Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз барлық қажетті консулдық-құқықтық көмекті көрсетті, сондай-ақ марқұмның денесін жақындарына жеткізуге барынша қолғабыс етті", – деді Ерлан Жетібаев брифингте.

Еске салайық, шамамен үш апта бұрын АҚШ-тың Иллинойс штатында 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың жоғалып кеткені хабарланған еді. Кейін бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады.

Туыстарының айтуынша, Әсет соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бастап оның телефоны сөндірулі болған.

Араға екі апта салып, Иллинойс штатында Әсет Құралбайдың мәйіті табылғаны белгілі болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары