Каспий теңізіне бата жаздаған екі адам құтқарылды

/
Каспий теңізіне бата жаздаған екі адам құтқарылды
shutterstock.com

Ақтауда "Солдатский" жағажайында суға бата жаздаған ер адам мен әйел құтқарылды. Оқиға Ақжелкен шағын ауданында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, екеуі шомылуға рұқсат етілген аумақта болған. Алайда олар жағадан шамамен 300 метрге дейін ұзап кеткен.

Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы ер адам мен әйелді судан алып шықты. Әйелді құтқаруға сол маңда катамаранмен жүрген куәгерлер де көмектескен.

Зардап шеккендерге ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін екеуі ауруханаға жеткізілді.

ТЖМ тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті. Ведомство өкілдері тіпті жабдықталған жағажайларда да өз мүмкіндігін асыра бағаламау қажет екенін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар