Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Өзбекстанға қарсы матчта есеп ашып, футбол тарихындағы ерекше рекордтың иесі атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Португалия – Өзбекстан кездесуінің 6-минутында 41 жастағы Роналду қарсылас қақпасын дәл көздеді. Осы голдан кейін ол алты бірдей әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы ретінде тарихқа енді.
Португалиялық жұлдыз бұған дейін 2006, 2010, 2014, 2018 және 2022 жылдардағы мундиальдарда гол соққан болатын. Енді бұл қатарға 2026 жылғы әлем чемпионатындағы нәтижесі де қосылды.
Айта кетейік, Роналдудың басты бәсекелесі саналатын аргентиналық Лионель Месси бес әлем чемпионатында мергендігімен көзге түскен.