Жетісуда мотоцикл жүргізушісі бағанға соғылып, қаза тапты

/
Жетісуда мотоцикл жүргізушісі бағанға соғылып, қаза тапты
istockphoto.com

Жол-көлік оқиғасы 21 маусым күні Көксу ауданының Көксу станциясында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, мотоцикл жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегінде орналасқан темір-бетон бағанаға соғылған. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары