Жанәбіловтерден тәркіленген 17 телефон аукционға шығарылды

/
Жанәбіловтерден тәркіленген 17 телефон аукционға шығарылды
Ғаламтор

Белгілі блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс аясында тәркіленген смартфондар мемлекеттік мүлік порталы (E-Qazyna) арқылы аукционға шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Саудаға iPhone 16 үлгісіндегі 17 смартфон қойылған. Аукционды ұйымдастырушы – Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.

Электрондық сауда алаңындағы мәліметке сәйкес, әр құрылғының бастапқы бағасы 484 990 теңгені құрайды. Аукционға қатысу үшін 72 749 теңге көлемінде кепілдік жарна төлеу қажет.

Электрондық сауда 2026 жылғы 8 шілде күні сағат 10:00-де бағаны көтеру тәсілі бойынша өтеді.

Бұған дейін аукционға құрылтайшысы Эльмира Төлегенова саналатын «ZHANA BUSINESS» ЖШС-нің атына тіркелген сегіз Hyundai Elantra автокөлігі де шығарылған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары