Елдегі көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, 6,5%-ға артты

Елдегі көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, 6,5%-ға артты

Қазақстанның ішкі сауда саласы 2026 жылдың алғашқы бес айында оң өсім көрсетті. Қаңтар-мамыр аралығында елдегі ішкі сауда саласында тұрақты оң динамика сақталған. «Сауда» саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6% болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5% артты. Бұл көрсеткіш елдегі сауда белсенділігінің өсуіне және экономикалық белсенділіктің нығаюына елеулі үлес қосты.

Бөлшек сауда саласында да оң үрдіс жалғасуда. 2026 жылдың алғашқы бес айында бөлшек сауда көлемі 9 трлн теңгені құрап, нақты мәнде 3,6% өсті.

Сауда көлемі бойынша жетекші өңірлер қатарында Алматы (жалпы көлемдегі үлес салмағы – 34,5%) және Астана (13,9%) қалалары, сондай-ақ Атырау (11,5%) және Қарағанды (6,1%) облыстары  мен Шымкент қаласы (5%) бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары