Әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова ашу үстінде жазғаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қатты эмоцияға беріліп, бір өлім аузынан қалған сәтте айтқан сөздерім үшін кешірім сұраймын. Ол сөздер расымен саналы түрде емес, қатты қорқып, ашуланғаннан жазылды. Кешіріммен қарап, түсіністік танытуларыңызды сұраймын», – дейді ол.
Еске сала кетейік, ашуға булыққан әншінің әйелі жеке парақшасына шымкенттік көлік жүргізушісінің суретін жүктеп, көлік апаты бола жаздағанын жазған-тын.