Шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр

/
Шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталарының жаңартылған бағамы жарияланды.

Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанада долларды сатып алу бағасы – 484,10 теңге, сату бағасы – 490,86 теңге. Еуро 558,05 теңгеден қабылданып, 567,84 теңгеден сатылып жатыр. Ресей рублі 6,25–6,55 теңге аралығында саудалануда. Ал юаньды сатып алу бағасы – 69,19 теңге, сату бағасы – 74,15 теңге.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 488,36 теңгеден сатып алынып, 490,34 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 559,65–564,95 теңге аралығында қалыптасқан. Рубль 6,35–6,48 теңге аралығында саудаланып жатыр. Қытай юанының бағасы 71,61 теңгеден басталып, 74,04 теңгеге дейін жеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары