Жолаушылар пойызының машинисі бес жасар баланы басудың алдын алды, деп хабарлады Қазақстан темір жолы.
"2026 жылдың 20 маусымында сағат 15:08-де Түркістан – Шиелі учаскесінде, Шорнақ станциясы ауданында №7/8 Алматы-2 – Саратов қатынасындағы жолаушылар пойызының машинисі темір жолда қалған бес жасар баланы басуға жол бермеді", - деп жазылған хабарламада.
Локомотив бригадасы 70 км/сағ болатын пойыз жылдамдығында шұғыл тежеуді қолданды, соның арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды.
Салдарынан пойыз 4 минутқа кешікті.
Компанияда хабарлағандай, темір жол учаскесі қоршаумен жабдықталған. Бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз болды.
Локомотив бригадасының кәсібилігі мен қырағылығының арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.