2026 жылы Қазақстанда Астана күні дүйсенбіге түседі, сондықтан кейбір тұрғындар шілдеде қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды turkystan.kz.
eGov порталында жарияланған мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, жыл сайын 6 шілдеде аталып өтетін Астана күні биыл дүйсенбіге түсіп тұр.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 шілдеден 6 шілдеге дейін қатарынан үш күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар тек 5 және 6 шілдеде ғана демалады.