16 жыл бұрын сотталған қазақстандық әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды

/
16 жыл бұрын сотталған қазақстандық әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды
istockphoto

Аса ірі мөлшердегі есірткі заттардың контрабандасы мен оларды өткізгені үшін сотталған қазақстандық әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.

Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының контрабандасы және оларды өткізген қазақстандық әйел экстрадициялады. Ол 16 жыл бұрын сотталған.

"Іздеуде жүрген әйел 2010 жылы ақшалай сыйақы үшін салмағы 1 келіден асатын гашиш есірткі затын Қазақстан шекарасы арқылы заңсыз өткізген. Оған Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты 2010 жылы 23 қарашада үкім шығарған. Сот үкімімен әйелдің мүлкі тәркіленіп, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған", - дейді Бас прокуратура өкілдері.

Алайда оның асырауында жас баласының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі баласы он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылған.

"Сотталған әйел пробациялық бақылауда бола тұра, 2017 жылы сот үкімін орындаудан жалтарған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған", - дейді ведомстводағылар.

Биыл наурызда ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта әйел тергеу изоляторына қамалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары