Астанадағы индустриялық парк аумағында қозғалыс шектеледі

/
Астанадағы индустриялық парк аумағында қозғалыс шектеледі

21 маусым күні Астанада күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоаралық кешенді арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Іс-шара сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін елордадағы №1 индустриялық парк аумағында ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығу барысында Индустриялық парк аумағында автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

«Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау, тек ресми ақпарат көздеріне сену және жалған ақпарат таратпау сұралады», - делінген хабарламада. 

Жаттығудың мақсаты – күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтау.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары