Ақтөбеде көлік өртеніп, үш адам жанып кетті: газ құю бекетінің иесі ұсталды

/
Ақтөбеде көлік өртеніп, үш адам жанып кетті: газ құю бекетінің иесі ұсталды
Видеодан скриншот

Ақтөбе облысының полиция департаменті автогаз құю станциясында көліктің өртенуі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты: әйел адам және екі кәмелетке толмаған бала.

Сондай-ақ бір ер адам дене күйігімен медициналық мекемеге жеткізілді.

"Бұл факт Қылмыстық кодекстің 281-бабы ("Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу") бойынша тіркелді", - делінген полиция хабарламасында.

Автогаз құю станциясының иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Айта кетері, 19 маусымда кешке Ақтөбеде газ құю бекетінде тұрған көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары