Қазақстанның екі ірі қаласы — Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау бекеттерінде шетел валюталарының жаңартылған бағамы белгілі болды.
Астанада долларды сатып алу бағасы – 484,07 теңге, сату – 490,91 теңге. Еуро 558,07 теңгеден қабылданып, 567,93 теңгеден сатылуда. Ресей рублі 6,24–6,55 теңге аралығында айырбасталып жатыр. Ал қытай юані 69,14 теңгеден сатып алынып, 74,04 теңгеден сатылуда.
Алматыдағы айырбастау орындарында доллардың сатып алу бағасы – 487,30 теңге, сату – 489,37 теңге. Еуро 559,77–565,05 теңге аралығында саудалануда. Рубльдің бағамы 6,39–6,52 теңге болса, юань 70,68–73,05 теңге аралығында өзгеріп тұр.