Елена Рыбакина өзінің туған күнінде күтпеген жағдайға тап болды

/
Елена Рыбакина өзінің туған күнінде күтпеген жағдайға тап болды
Artur Widak/NurPhoto via Getty Images. Суретте: Елена Рыбакина

Елена Рыбакина Германиядағы WTA 500 турнирінде сәтсіздікке ұшырады. Қазақстандық теннисші Берлиндегі алғашқы кездесуінде Александра Эаладан жеңілді, деп turkystan.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Матч 1/8 финал аясында өтті. Бірінші сетте тартысты ойын болғанымен, Эала 7:5 есебімен алға шықты. Екінші сетте де филиппиндік спортшы басымдықты сақтап, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде Рыбакина турнирден шығып қалды. Бұл нәтиже көпшілік үшін тосын болды, өйткені ол жарыста екінші нөмірмен себілген еді.

Берлин турнирінің жеңімпазы 161 310 еуро сыйақы мен 500 рейтингтік ұпай алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары