Мемлекет басшысы Ақордада медицина қызметкерлерінің күніне орай өткен салтанатты іс-шарада отандық медицинадағы негізгі мәселе білікті маман тапшылығын жою екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Негізгі мәселе – білікті маман тапшылығын жою» «Әйтсе де ең заманауи ауруханалар мен озық құрал-жабдық – жұмыстың басы ғана екенін түсінгеніміз абзал. Негізгі мәселе – білікті маман тапшылығын жою, мұның зардабын әсіресе ауылдық жерлер тартып отыр. Бұл үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек жұмысшыларын қолдау бағдарламасын әзірлеу қажет. Адамдарға көмектесуге бірінші болып келетін жандар мемлекет қамқорлығын сезінуі керек. Олар үшін лайықты жалақы, толық әлеуметтік пакет және жергілікті жерде жұмыс істеуге ынталандыратын тетіктер болуға тиіс», – дейді Президент.