Семейде екі ұл бала жоғалып кетті

/
Семейде екі ұл бала жоғалып кетті
Абай облысының Полиция департаменті

Семей қаласында 17 маусым күні кешке Шығыс кенті ауданында жоғалып кеткен екі бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абай облысының полициясы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардан олардың жүрген жері туралы кез келген ақпаратты хабарлауды сұрайды.

Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусым күні сағат 20:00 шамасында 14 жастағы Рақымжан Үкіртаев пен 8 жастағы Әлихан Қайратов Семей қаласындағы Шығыс кенті маңында болған. Осыдан кейін балалармен байланыс үзілген, қазіргі уақытқа дейін олардың қайда екені анықталмаған.

«Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жеке құрам толық жұмылдырылып, кәмелетке толмағандардың болуы мүмкін орындары тексерілуде, үй-үйді аралау және іргелес аумақтарды қарау жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Полиция Семей тұрғындарын балаларды іздеуге көмек көрсетуге шақырды.

Егер сіз кәмелетке толмағандардың жүрген жерін білсеңіз немесе оларды іздеуге көмектесетін қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, дереу 102 нөміріне немесе 8-747-310-67-30 телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары