ТЖМ құтқарушылары Маңғыстауда шетелдік туристерді құтқарды

/
ТЖМ құтқарушылары Маңғыстауда шетелдік туристерді құтқарды
ТЖМ

Маңғыстау ауданындағы Уәли қорымының маңында батпақты аумақта екі Нидерланд азаматы бар автоүй балшыққа батып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көмекке ТЖД құтқарушылары жоғары өтімді техникамен жетіп, автокөлікті балшықтан шығарып алды.

Шетел азаматтары республикалық маңызы бар автожолға дейін жеткізілді. Әрі қарай сапарларын өз бетінше жалғастырды.

Медициналық көмек қажет болмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары