«Жүрекке тиді»: Сабина Мовлаева Димашқа қатысты сұхбатынан кейін мәлімдеме жасады

/
«Жүрекке тиді»: Сабина Мовлаева Димашқа қатысты сұхбатынан кейін мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіден

Блогер Сабина Мовлаева әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергенге қатысты айтқан естелігі қызу талқыланғаннан кейін көпшілікке үн қатты деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бұл оқиғаның бала кезде болғанын айтып, сұхбаттағы сөзінің басқа мағынада қабылданғанына қынжылғанын жеткізді.

"Бұл баяғы кез, балалық шақты еске алып айтылған нәрсе ғой. Бұл өте ертеде болған. Дұрыстап қарасаңыздар, өздеріңіз де түсінер едіңіздер", – деп жазды блогер.

Сондай-ақ Сабина Мовлаева өзіне бағытталған сын-пікірлердің ауыр тигенін жасырмады.

"Жарайды, егер мен сондай жаман адаммын, лас адаммын деп ойласаңыздар – болсын, қабылдаймын. Бірақ жүрекке тиді... Ең бастысы, бәріміз пендеміз. Алланың алдында бәріміз бірдейміз", – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сабина Мовлаева тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында әнші Димаш Құдайбергенмен бала кезде араласқанын айтып, естелігімен бөліскен болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары