Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті

/
Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті

Жамбыл облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кадрларда жол жиегіндегі қоршауды бұзып өткен, кейін өртеніп кеткен автокөлік бейнеленген. Өртті жергілікті өрт сөндірушілер сөндірген.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Шу ауданында болған. Апатқа Changan маркалы автокөлік ұшыраған.

Оқиға орнында бір адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан көлік аударылған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары