Италияда 21 жастағы қазақстандық студенттің мәйіті табылды

/
Италияда 21 жастағы қазақстандық студенттің мәйіті табылды
pixabay.com

Италияның оңтүстігіндегі Бриатико қаласында жағалаудағы жартастардың арасынан 21 жастағы Қазақстан азаматының мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, марқұмның денесі 9 маусым күні табылған. Алдын ала болжамдардың бірі бойынша, оның өліміне суға бату себеп болған.

Марқұмның досының айтуынша, оның есімі Нұрдәулет болған. Ол Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін тәмамдап, Италияның Кассино қаласындағы Unicas университетінің үшінші курсында оқып жүрген. Туыстарының пайымдауынша, бұл қайғылы оқиға жазатайым жағдай болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қазақстанның Италиядағы елшілігі мен Италияның құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде», – деді Сыртқы істер министрлігі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары