Таяу Шығыстағы шиеленіс: Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты тоқтатты

/
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты тоқтатты
Фото: Анадолу

Иран билігі Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысын толық тоқтататынын мәлімдеді. Мұндай шешім АҚШ-тың ел аумағына жасаған қайталанған шабуылдарынан кейін қабылданған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Иран Қарулы күштерінің «Хатам әл-Анбия» орталық штабының мәліметінше, бұғаз барлық кеме түрлері үшін, оның ішінде мұнай танкерлері мен сауда кемелеріне де жабылды.

Әскери қолбасшылық аймақтағы қауіпсіздік жағдайының күрт нашарлағанын алға тартып, бұғаз арқылы өтуге жасалған кез келген әрекетке күш қолданылатынын ескертті.

Сонымен қатар Ислам революциясы сақшылары корпусының әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазы арқылы жүруге талпынған екі кемеге соққы жасалғанын хабарлады

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары