Астанада 56 жастағы ер адам ұл баланы ұрлап кетпек болды

/
Астанада 56 жастағы ер адам ұл баланы ұрлап кетпек болды
видеодан скриншот

Астанадағы Сарайшық ауданында, жергілікті мектептердің бірінің маңында белгісіз ер адам 9–11 жас шамасындағы баланы қараусыз қалған аулаға алып кетуге әрекеттенген, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Криминалды Қазақстан» telegram-арнасының мәліметінше, оқиға 5 маусым күні болған. Бұл жағдайды өтіп бара жатқан адамдар байқап қалып, ер адамды тоқтатып, баланы арашалап, полиция шақырған.

Оқиға орнында түсірілген бейнежазбада бала қысқаша: «Бір ағай мені ұрлап кетті», – деп айтқан.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын жедел анықтап, 56 жастағы ер адамды ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Астана қаласының Полиция департаменті ұсталған азаматқа қатысты барлық қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Баланың заңды өкілі полицияға арыз жазудан бас тартқанымен, ер адамның әрекетіне заң талаптарына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары