Баян Алагөзова ұйымдастырған "Алтын ханым" байқауының жеңімпазы, мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жол-көлік оқиғасына тап болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзі хабарлады. Ақмоншақ Нұртазаның айтуынша, оның көлігі басқа автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Мектеп директоры жол апатынан аман қалғанына шүкіршілік білдіріп, оқырмандарына жағдайын қысқаша жеткізді.
"Қайта туған күн. Аман болайық. Бір алла сақтады. Маған түкіріп қоясыздар-ау", – деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.
Желі қолданушылары оған сауығып кетуін тілеп, қолдау білдіріп жатыр.