Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті

/
Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті
magnific.com

Түркістан облысында бір жасар бала жеке үйдің ауласындағы әжетханаға құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Темірлан ауылында болған. 112 қызметіне кішкентай баланың ауладағы әжетханаға түсіп кетіп, өздігінен шыға алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жіберілді. Құтқарушылар сәбиді абайлап сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Баланың қазіргі жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат берілген жоқ.

Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертті. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайдың алдын алу үшін бүлдіршіндердің қауіпсіздігіне үнемі назар аудару қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары