Белгілі журналист Анна Данченко әнші Ләззат Байырбекованың ұлы Тәуіржанның қаржылық қиындыққа тап болып, ірі көлемде қарызға кіргенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Журналистің сөзінше, әлеуметтік желіде көрсетілетін сәнді өмір әрдайым адамның шынайы жағдайын білдіре бермейді. Ол сырт көзге мінсіз көрінетін өмірдің артында кейде үлкен қарыз, уайым мен күрес жатуы мүмкін екенін атап өтті.
"Қарызы 84 миллионға жетті. Әнші Ләззат Байырбекова ұлы Тәуіржанның қарызға батқанын растады. Instagram-дағы әдемі өмір әрдайым шынайы өмір емес екенінің тағы бір дәлелі. Қымбат көліктер, брендтер, саяхаттар, сән-салтанат… Бірақ сыртқы көріністің артында кейде үлкен қарыз, уайым мен күрес жатады. Гуджанның анасының сұхбатын тыңдап отырып, әлеуметтік желідегі сурет пен шынайы өмірдің арасында қандай үлкен айырмашылық болатынын тағы бір рет түсінесің. Ешкімнің өміріне сыртынан қарап баға беруге болмайды. Кейде ең бақытты көрінген адамның ішінде біз білмейтін ауыр сынақтар болады. Сұхбат жақын күндері менің ютуб арнамнан жарық көреді", – деп жазды ол.