«Екінші әйел болуға лайық қыздар кездесті»: Сәкен Майғазиевтің мәлімдемесі талқыға түсті

/
«Екінші әйел болуға лайық қыздар кездесті»: Сәкен Майғазиевтің мәлімдемесі талқыға түсті
Ә

Әнші Сәкен Майғазиев сұхбаттарының бірінде жеке өміріне қатысты көзқарасымен бөлісіп, белгілі бір кезеңдерде екінші әйел алу туралы ойлағанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің сөзінше, өмірінде кейбір жандарды көргенде олардың екінші жар болуға лайық екенін ойлаған сәттер болған. Сонымен қатар ол мұндай адамның қазіргі жары Динарамен де тіл табысып, жақсы қарым-қатынас орната алатынын елестеткенін жеткізді.

Әншінің бұл пікірі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Бірқатар қолданушы оның ойын ашық жеткізгенін қолдаса, енді бірі көпәйелділік мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдіріп, түрлі пікір қалдырған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары