"Қош келдің, батыр": Әнші Жандос Қаржаубай үшінші рет әке атанды

/
"Қош келдің, батыр": Әнші Жандос Қаржаубай үшінші рет әке атанды
SN.kz коллажы

Танымал әнші Жандос Қаржаубайдың отбасында қуанышты жаңалық болды. Өнер иесі мен жары Жұпар Садақбаева ұлды болды, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл сүйінші хабарды әншінің жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Әлемімізге қош келдің, Сардар батырым!" – деп жазды Жұпар Садақбаева.

Қуанышты жаңалықты естіген желі қолданушылары өнерлі жұпқа ақ тілегін арнап, сәбидің бауы берік болуын тіледі.

"Бауы берік болсын", "Алла тіл-көзден сақтасын", "Ғұмырлы болсын", "Бақытты балапан болсын, құтты болсын", – деп жазды оқырмандар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар