БҚО-дағы ауылдардың бірінде оқушы бала өлі күйінде табылды

/
БҚО-дағы ауылдардың бірінде оқушы бала өлі күйінде табылды
mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында оқушы баланың өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қайғылы оқиға Теректі ауданындағы ауылдардың бірінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті "Мой город" порталының өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, 2 маусым күні ауылдардың бірінде оқушы бала өлі күйінде табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысты суицид нұсқасы да қаралып жатыр.

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу аясында қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары