Нұржан Төлендиев немересінің бесік тойын дүркіретіп атап өтті (ВИДЕО)

/
Нұржан Төлендиев немересінің бесік тойын дүркіретіп атап өтті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш әрі актер Нұржан Төлендиев отбасындағы ерекше қуанышын сән-салтанатымен атап өтті, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі немересіне бесік той жасап, жақындары мен туған-туысын, өнердегі әріптестерін үлкен дастарқан басына жинады. Мерекелік шара дәмханалардың бірінде өтіп, қуанышқа жиналған қонақтар жас сәбиге ақ батасын берді.

Нұржан Төлендиев той барысында немересіне арнайы ән арнап, көпшілікті әсерлі сәтке куә етті. Әзілкештің отбасындағы бұл қуанышты жаңалығы әлеуметтік желі қолданушыларының да назарынан тыс қалмады.

Оқырмандар мен өнердегі әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін жаудырды.

"Той құтты болсын, баршамызға жұғысты болсын", "Ғұмырлы болсын", "Алғашқы немере тәтті ғой", "Бауы берік болсын", – деп жазды желі қолданушылары.

Көпшілік өнер иесінің аталық қуанышына ортақтасып, сәбиге ұзақ ғұмыр, отбасына бақ-береке тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар