Алматыда мемлекеттік қызметкерлерге коммуникация бойынша семинар өткізілді

/
Алматыда мемлекеттік қызметкерлерге коммуникация бойынша семинар өткізілді

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы тиімді коммуникацияны дамытуға, сындарлы диалог мәдениетін нығайтуға және жанжалды жағдайлардың алдын алу мен оларды шешудің заманауи тәсілдерін енгізуге бағытталған «Шекарасыз коммуникация: жанжалды жағдайларды шешу» атты семинар-тренинг ұйымдастырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде қала аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сарапшылар, құқық қорғау саласының өкілдері, медиамамандар және белсенді тұрғындар қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, өзара түсіністік мәдениетін дамыту және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру.

Іс-шара модераторы Бекнұр Сейтжанұлы Кисиков құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдағы сенімді нығайту, ашық диалог қалыптастыру және коммуникативтік құзыреттерді дамыту әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторларының бірі екенін атап өтті.

Семинар барысында спикерлер жанжалды жағдайларды басқару, медиа-коммуникация, құқықтық сауаттылық және қоғамдық қатынастар мәдениеті тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Спикерлер қатарында:

– Жұмақаева Бақыт Дәулетханқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, халықаралық деңгейдегі тренер, конфликтолог;

– Есен Махаббат Құрмантайқызы – медиаменеджер, UNESCO Clubs KZ елшісі, Америкалық Бери Фаулер академиясының тренер-коучы;

– Қалиева Жәмилә Болатқызы – адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі;

– Әбдікәрімова Әсел Салманқызы – Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының аға прокуроры.

Іс-шара аясында қатысушылар практикалық кейстерді талқылап, сындарлы коммуникация дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар жанжалдардың алдын алу, құқықтық және психологиялық қолдау тетіктері, бейбіт диалог мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы іс-шаралар қоғамдағы өзара сенімді арттыруға, тиімді коммуникация орнатуға және қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары