89 жастағы әже 20 жыл көрмеген бауырларымен қауышты (ВИДЕО)

/
89 жастағы әже 20 жыл көрмеген бауырларымен қауышты (ВИДЕО)
ult.kz

Желіде 89 жастағы қазақ әжесінің Қытайда тұратын туған-туыстарымен қауышқан видеосы көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл әсерлі кездесудің артында ондаған жылға созылған сағыныш пен тағдырдың ауыр сынағы жатыр. 1959 жылы ол небәрі 22 жасында Қазақстанға қоныс аударған. Алайда құжат мәселесіне байланысты жақындары шекараның арғы бетінде қалып қойған.

Содан бері араға ұзақ жылдар түсіп, туғандар бір-бірін тек сағынышпен еске алып келген. Уақыт өтсе де, кейуананың жүрегіндегі бауырға деген аңсар басылмаған.

Ақыры 89 жасқа келген әже көптен күткен арманына жетті. Ол Қытайға арнайы барып, жылдар бойы көрісе алмаған туғандарымен қайта табысты.

Туыстардың көз жасына ерік беріп, бір-бірін құшақтаған сәті желі қолданушыларын да бейжай қалдырмады. Видео астында көпшілік жылы пікір жазып, әженің қуанышына ортақтасқан.

Желі қолданушылары «Туғаннан артық ештеңе жоқ», «Ғұмырлы кездесу болыпты», «Көзге жас келді» деп пікір қалдырып жатыр. Бұл оқиға көпшілікке туған-туыстың қадірін тағы бір мәрте сезіндірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары