Жаңаөзенде түлектер өз сыныптастарына баспана сыйлады

/
Жаңаөзенде түлектер өз сыныптастарына баспана сыйлады
Маңғыстау облысы ҚКО

Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылындағы №14 жалпы білім беретін мектептің 2006 жылғы түлектері мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай ерекше қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 25 мамыр күні өткен салтанатты кездесуде түлектер өз сыныптастары Қарлығаш Аяповаға толық жабдықталған баспананың кілтін табыстады. Қарлығаш Аяпова – екі бала тәрбиелеп отырған, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар бала бағып отырған жалғызбасты ана.

Осы уақытқа дейін жеке баспанасыз жүрген отбасы үшін бұл сый – үлкен қолдау мен шынайы қамқорлықтың айқын көрінісі болды. Түлектер игі іске жұмыла атсалысып, ауызбіршілік пен достықтың, адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Іс-шара барысында тұрғын үйдің барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілгені айтылып, көпшілік түлектердің бұл бастамасына жоғары бағасын берді. Мұндай игі істер қоғамдағы өзара қолдау мен мейірімділіктің маңызын айқындай түседі.

Аталған қайырымдылық шарасы көпшілікке үлгі болып, ел ішінде ізгілік пен бірліктің құндылығын насихаттай түсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары